Әкеміз бен анамыздың 70 жас мерейтой және отасқандарына 50 жыл Алтын тойын керемет өткізіп берген Дәнеш Асқарбекұлына алғыс айтамыз. Дәнеш мырза тамаша сөздерімен, өзін ұстауымен, әзілдерімен, тойды жүргізу мәнерімен барлық қонағымыздың көңілінен шықты. Дәнеш мырзаның өнерпаз командасына Қайрат және Әсемай атты әншілеріне үлкен алғыс! Биші қыздарының да өнері көңілімізден шықты. Асаба табу, әсіресе көптің, үлкендердің көңілінен шығатын асаба табу оңай емес. Сондықтан Дәнешті таңдағанымызға қателеспегенімізді түсіндік. Аса мәдениетті, артық сөзі жоқ, әзілді де орнымен айта білетін, тойдың жөн-жосығын айтып, ақыл қосатын асаба ретінде Дәнеш мырзаны таңдауға кеңес береміз. Құрметпен Гүлбахрам.