Барлық тойшыл қауымға Салеметсіздерме!!! Тойдан кейінгі абыр-сабырдан кейін қолымыз енді босады. Міне бүгін жолдасым екеуміз Тұмар мейрамханасыннын ұжымына үлкен, шексіз алғысымызды айтайын деп шештік. 18.10.2017 жылы менің қыз ұзату тойын, ал 22.10.2017 ж осы Тұмар мейрамханасында үйлену тойын өткіздік. Екі тойды да осы мейрамханада өткізу себебіміз, тамыз айында болашақ жарым екеуіміз тойда болып, осы мейрамхана маған да, жолдасыма да өте ұнады. Жолдасым екеуіміз ақылдасып екеуімізде осы Тұмар мейрамханасына екі тойды өткізуге шештік. Бағасы да өте тиімді және мейрамхана әкімшілігі бізге өте керемет, тиімді жеңілдіктер жасады. Тұмар мейрамханасының ұжымына КӨП, КӨП, ҮЛКЕН РАХМЕТ!!!! Сіздерге ризашылығымыз шексіз. Дастархан мол және өте дәмді. Екі тойда өте жоғары деңгейде өтті. Еңбектеріңіз жемісті болсын!!! Жақсы мейрамхана екендігіне, біздің екі тойымыздың да осында өтуі кепіл.
Тілектеріңізге улкен Рахмет Гулдана! Тойларыңыздың сіздерге ұнағанына Біз өте қуаныштымыз. Бақытты болыңыздар!!!!