о банкетном зале Shyngys Han
Қайырлы күн! 31-наурыз күні Айрис қызымыздың 1-жасқа толған туған күнін және тұсау кесер тойын ағайын-туыспен атап өттік. Тойымызды өткіздіретін жерді ұзақ іздеген болатынбыз. Ресторан табалдырығын аттаған кезде-ақ жолдасымызбен "осы жерде тоқтаймыз" деп бірден шештік. Администратор Қарлығаш ханым қандай сүйкімді еді?! 👍😍 Сұрағанымызды жасап, бар еркелігімізді көтерді. Барлығы ең жоғары деңгейде өтті! Администратор, аспасшылар, официант қыз-жігіттер барлығы бір ауыздан аса ұйымшылдықпен өз қызметтерін атқарды. Тойдың егесі болғандықтан маған, келген қонақтардың жақсы отырғандары керек. Ал қонақтардың барлығы дерлік риза болып кетті. Дастархан өте мол, ең бастысы өте-өте дәмді болды☝️. Ресторанның өз әдемілігі, салтанатты келбеті бөлек әңгіме. Қысқасы, қонағыңды, құда-жекжатты ұялмай апаратын жер екен. Алла қаласа, алдағы тойларымызды осы жерде өткіземіз. Карлыгаш ханым, сізге алғысымыз шексіз! Алла разы болсын!