14 - Маусым куні біздің туысқандар «Алматы Холл» мейрамханасында 300 адамға Ас берді. Мейрамхананың іші жаңа заманға сай жөнделіп, өте бір жоғарғы талғаммен қайта жасалған екен. Көргенде көз қуанады. Ал, ас мәзірі тамақтың дайындатылуы тіпті Керемет! Мейрамхана қатты унаған соң, дәл осы мейрамханада 15 шілдеде кызымның Ұзату тойын өткіздім.
Онда да сондай тамаша болды. Өте қатты риза болдым. Залдың безендірілуі көз тартарлық, кіріп келген адамдардың барлығы таңдана қарап, тамсанып отырды. Түрлі салқын және ыстық тағамдары жоғары деңгейде дайындалады екен. Әсіресе, қазақша ет жұп-жұмсақ, өте дәмді болды. Қамырын да қолдан жайып салады екен. Тұздығы қандай керемет! Қазы-қарта, жал-жая бәрі бабымен сүрленіп ерекше дайындалған.
Жалпы, қонақты қарсы алулары, оларға көрсететін қызметтері жоғарғы деңгейде. Талай мейрамханаларда болып журміз, бірақ бұл мейрамханада бір жылылық, қызмет көрсету үлгісінің жоғарғы мәдениеті бар. Мейрамхананың барлық қызметкерлеріне, әсіресе Жанат Дүйсенбайқызына, даяршыларға, аспаздарға, өзіміз де келген қонақтарымыз да қатты риза болдық. Сіздерге көп көп Рахмет! Еңбтеріңіз жана берсін! Халықтың құрметіне бөлене беріңіздер, сіздерге табыс тілейміз! Алла қаласа біз әлі талай келеміз!