Қайырлы күн, тойшыл қауым! Есте қаларлық той өткіземін десеңіз - "Тұмар" мейрамханасына барыңыз!
01.12.2017 жылы алтындай қызымыздың ұзату тойын осы мейрамханада өткіздік. Алматы қаласындағы сан алуан мейрамханалардың ішінен осы "Тұмар" мейрамханасын таңдағанымызға еш өкінбейміз.
Күлім көз, жылы жүзді , қарапайым əкімші Үміт алдымыздан шығып, ғимаратын аралатып көрсетіп, ақыл-кеңесін бергенде , "іздегеніміз осы екенін" түсіндік. 3 қабат банкет залы, 2 автотұрақ күні бойы сіздің құзырыңызда! Бұдан артық не керек?
Бас аспазшыға айтар алғысымыз ерекше! Еттің (астың) дəмді болуы дұрыс таңдалған ет пен сүйіспеншілікпен дайындалуында емес пе? Тартылған жіліктің еті аузыңда еріп тұр! Ммм... Екіншіге алған "Тұмар" фирмалық тағамды жеген де арманда, жемеген де арманда!
"Қанша тойға барып жүрсем де, мұнша салатты жемеппін, бəрі үйдіңкіндей" деп ойын білдірген қонақтардың ризашылығынан артық қандай баға керек?
Бағасы да қолжетімді, қаражатыңызды ысырап етпейсіз.
Үміт ханым! Сізге жəне сіздің командаңызға отбасымыздың атынан зор денсаулық, күш-қуат тілейміз. Еңбектеріңіз жемісті, берекелі болғай!