Дәнеш айналайын, саған зор ризашылығымды білдіргім келеді. Қонақтарымның көңілінен шығып, әдемі әзіліңмен, өлең жолдарыңмен сөз сөйлегендердің мерейін өсіріп, мәз қылып тастадың. Айтылған әндер, биге қойылған әуендер жақсы таңдалып, үлкенді-кішілі қонақтардың бәріне дерлік ұнаған мәдениетті, көңілді той болды. Өзіңнің тәжірибелі шоумен, кәсіби журналист екеніңді көрсете білдің!
Той өте жақсы болды деген қонақтардың алғысы маған үлкен абырой болды. Саған рахметімді айта отырып, еңбегің жемісті болып, үлкен биіктерден көріне беруіңді қалаймын! Табиғаттың адамзатқа берген сыйы, ақыл-ойың мен денсаулығыңа нұқсан келмесін! Отбасына амандық, береке-біршілік, ұзақ ғұмыр тілеймін!
Ағаң Бақтығали.