Тамаша жүргізуші, талантты журналист Дәнеш мырзаны 5 жылдан бері таниды екенбіз. 5 жыл бұрын Дәнеш мырза анамыздың 80 жас тойын жүргізіп берген еді. Одан кейін де талай тойларда кездесіп, көрісіп жүрдік. Шаңырағымыздағы алғашқы қуанышымыз, үлкен ұлымыздың үйлену тойына асаба керек дегенде, ешкімді іздемей, бірден Дәнешке хабарластық. Өйткені ол талғампаздығын, сөз қадірін тамаша түсінетінін, тойды жоғары деңгейде, салтанатты түрде өткізе алатынын әлдеқашан дәлелдеген азамат. Бұл жолы да Дәнеш бауырымыз сенімімзді толығымен ақтап, ұлымыздың үйлену тойын жоғары деңгейде дүркіретіп өткізіп берді. Тойға келген қонақтарымыз бен құдаларымыз бәрі бір ауыздан асабаның тойды өте мәдениетті, керемет әсерлі өткізгендерін айтумен болды. Дәнеш мырза өзі жүргізетін бағдарламасы арқылы талантты, салмақты, елдің қамын ойлайтын қарымды журналист екенін де көрсетіп жүр.
Сізге және отбасыңызға зор ден саулық, мол табыс, шығармашылық жетістіктер тілейміз. Тойыңыз көп болсын. Тойына асаба іздеген ағайын, бірден Дәнешке хабарласыңыздар, өкінбейсіздер.
Құрметпен Рауан ағаң.