о ведущем Данеш Аскарбек
Баламызбен келініміздің шатыққа толы шаңырақ көтеру тойын, асаба- Данеш Асқарбек жүргізді. Данеш-ең сезімтал интуициясы бар, қазақтың ұлан-ғайыр даласындай кең ойлары бар, шымыр логика және дипломатиялық шеберлігі бар асаба. "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы" демекші - Дәнештің әр сөзі, әр сөз саптауына және оның тапқырлығына қонақтарымыз риза болып , дуылдата қол соғып отырды. Данешке алғысымыз шексіз, отбасына қуаныш пен шаттық, береке тілейміз!
Рақмет, Ұлдарай апай. Арқат ағай екеуіңіз ұл-қыздарыңыздың, келіндеріңіздің қызығын бірге көріп, ұзақ жасаңыздар.