о ведущем Данеш Аскарбек
Бауырымыздың тойын естен кетпестей етіп өткізіп берген асаба Данешке алғыс білдіреміз. Әулетіміздің кенжесі болғандықтан ініміздің тойы ерекше өтсе деп армандадық. Бұған дейін 7 рет той жасаған бізді асабаның таңқалдыра қоюы оңай емес. Бірақ Данеш бәрімізді, қонақтарымызды да таңқалдыра білді. Сыпайы қалжың да, тебіреністі сәттер де, көңілді би де, бәрі бәрі тойдың көркін ашты. Данеш мықты асаба ғана емес, тамаша ұйымдастырушы да екенін көрсетті. Таңлап берген би, музыканттар коллективі, фотографтар мықты екен. Тіпті тойдың қалай басталып, қалай аяқталуына дейін Данешпен ақылдасып отырдық. Ертесіне құдалыққа да тамаша өнерпаз жігіттерді жіберіп, құдалығымыздың ерекше өтуіне үлес қосты. Данешке алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Әрдайым тойыңыз көп болсын. Алла тіл-көзден сақтасын Сізді!
үлкен рақмет