Қайырлы күн!
Қаламызда дәл осындай ұлттық мейрамханалар әрине көп. Бірақ, "Baursak city" кафесі, өзінің ерекшелігімен қала тұрғындары мен қонақтарының (әсіресе шет елден келген қонақтардың) жиі келетін орны болады десем, артық айтқандық болмас.
Оған дәлел, мен өз басым, бұл мейрамханада бірнеше рет болдым. Алғаш рет, достарыммен бірге, кейінірек, жұмыс бабымен іссапарға келген, шет елдік қонақтармен бірге (ол қонақтардың ришашылығын, таңданысын көріп қуанғаным бар), ал жексенбі күні отбасылық мерейтой атап өттік.
Ал, енді мейрамхананың ерекшеліктеріне келетін болсам, көңілде мақтаныш сезімін оятатын нәрсе, әрине, ол, ұлттық нақыш!
1. Қабырғаларда ілулі тұрған экспонаттар, ененде тұрған ескі сандықтар, қазақтың салт-дәстүрінің, тарихының терең екендігін көрсетеді.
2. Әрине, ұсынылатын ас мәзірі. Таңдауыңызға қарай еттің түр-түрі бар. Айта кететін жәйт, аспаздар өз ісінің мамандары. Ауылдағы апа-әжелеріміздің дайындаған етінің дәміндей.
3. Қонақжайлылық. Кіре бергенде, "сәлеметсіздер ме", "қош келдіңіздер" деп қарсы алған жас жігіттер мен қыздарды көргенде, ең жақын адамыңның үйіңе келгендей боласың.
4. Жәй ғана естіліп тұратын, нағыз қазақи музыка фонында, бабындағы бал қымызды ішкен кезде, бүкіл шаршауың әп-сәтте басылғандай әсер аласың.
5. Орналасқан жері. Шусыз аула, көлік көп жүрмейтін, шағын қөшелердің қиылысы.
Дәл осындай көңіл-күйде, қаланың күйбелең тірлігін ұмытып, жақсылап бір дем алып қайтасыз.
Мейрамхананың барша ұжымына дәл осындай қонақжайлылық үшін рақмет айтамыз!