о ведущем Данеш Аскарбек
Данеш Аскарбек жақында "Диана Балрум" мейрамханасында ұлымыздың тойын жүргізген еді. Қонақтарымыздың айтуынша, тойымыз өте керемет, зиялы түрде өтті. Және оған кештің жүргізушісі Данештің және оның командасының қосқан тікелей үлесі өте зор. Конкурстар, музыкалық бағдарлама, жалпы тойдың сценарлық жобасы бастан аяқ өте кәсіби түрде жасалған, қонақтардың өнеріне де уақыт таба білді. Біз тойымыздың үлкендерге де, жастарға да бірдей ұнағанын қалап едік және асаба Дәнеш Асқарбектің арқасында дәл солай болды. Отбасымның және құдалардың атынан Сізге үлкен алғыс білдіреміз. Журналист ретіндегі жұмысыңызға табыс тілейміз. Тойыңыз көп болсын. Құрметпен, Шәрипа Рахметқызы.
Шарипа апай, рақмет! Аман болыңыздар, көрер қызықтарыңыз бітпесін!