о ведущем Данеш Аскарбек
Дәнеш мырза екі баламыздың сүндет той және тұсаукесер тойын өте керемет жүргізіп берді. Дәнеш мырзаға тойды мәдениетті жүргізгені, әзіл-қалжыңы, әр қонақтың көңілінен шыға білгені, тамаша әндер мен шоу бағдарламалар үшін зор алғыс білдіреміз. Тамаданы табуға біздің құдағиымыз көмектесті, ол кісінің баласының тойын жүргізіп берген Дәнеш мырза осы жолы да жоғары деңгейдегі асаба екенін дәлелдеді. Дәнеш мырзаға творчестволық табыс, зор денсаулық, отбасына жақсылық тілейміз.