о ведущем Данеш Аскарбек
Тамаша асаба Дәнеш Асқарбек туралы тек жақсы лебіз айтамыз. Тойдың керемет өтуі бірінші кезекте асабаның кәсбилігіне байланысты. Бір өзі сөйлеп қонақтардың ішін пыстыратын да, біреудің намысына тиетін сөздерді айтып аузына ие бола алмайтын да, елдің бәрі жалыққан ойындар ойнатып мезі ететін де асабаларды тойларда көріп жүрміз. Сондықтан ұлымыздың тойына асабаны ұзақ іздедік. Дәнеш Асқарбекті таңдағанымызға той кезінде де, тойдан кейін де қатты қуандық. Тойға кімдерді шақыруға болатынынан бастап, тойда кімдерді қалай отырғызамыз, құдаларды қалай қарсы аламыз деген сияқты дүниелерге дейін ақыл-кеңесін беріп, біздің үйдің бір баласындай тойға шын жанашырлығын көрсетті. Дәнеш аяқ астынан шығаратын тапқыр қалжыңдарымен, керемет жақсы сөздерімен, мағыналы әрі күлкілі ойындарымен тойға келген 200 адамның көңілінен шықты дей аламыз. Дәнешжан, тойың көп болсын! Тойдың болғанына дейін де бір бірімізді бұрыннан білетін туыс сияқты бауыр басып кеттік. Алла тағала жақсылық, сауабын аямасын. Ізгі тілекпен, Ақжайнар апайың.
Рақмет, Ақжайнар ханым!