о ведущем Данеш Аскарбек
Тойдың болғанынан боладысы қызық демекші, бауырымыздың тойының тізгінін ұстайтын асабаны ұзақ іздедік. Ақырында таныстарымыздың айтуымен Дәнеш Асқарбекпен кездескен соң, іздегеніміздің дәл өзі екенін жазбай таныдық. Дәнеш алғаш көргеннен өзіне баурап алды, сондықтан біз осы бауырымыз тойымыздың асабасы болады деп бірден шештік. Көрсең көзің тоятын, үлкенге үлкендей, кішіге кішідей ілтипат, құрмет көрсеткен Дәнеш тойда бәрімізді, қонақтарымызды баурап алды. "Сөзде сиқыр, өлеңде даналық" бар дейді. Дәнеш мырзаның тілі өте шұрайлы әрі ақындығы да бар екен. Ал әншілері, биші қыздары, шоу-бағдарламалары, сөз жоқ өте жоғары деңгейде болды. Дәнеш бауырым, әулетіміздің атынан саған мың алғыс! Өркенің өссін, өзің де осындай жақсылықтарға жет! Көптің алғысын, батасын алып, биіктерден көріне беруіңе тілектеспіз.
Көп рақмет!