
о ведущем Асет Рахманбердиев
Əсет жақында ағамның үйлену тойын жүргізді. Арзан əзіл, жаттанды сөздерсіз ерекше етіп тойды өткізді. Өзіміздің де, қонақтардың да көңілдерінен шықты. Өзіндік той басқару стилі бар асабалардың қатарына жатқыза алам. Қазіргі асабаларға жетіспейтіні де осы. Өйткені, бір-бірінен көшіретін жаттанды сөздер мен ерсі көрінетін ойындар. Осыларды қолға ала білген асаба ғана тойыңызға ерекшелік сыйлай алады. Əсетке шығармашылық табыстар тілеймін. Сіз секілді ізденімпаз асаба-жүргізушілер көбейе берсін.