Қос немеремнің 1 жас, тұсаукесер тойын жүргізетін асабаны ұзақ іздедік. Әулетіміздегі көптен күткен қуанышты лайықты, жоғары деңгейде өткізетін асабаны қаладық. Таныстарымыз Дәнеш Асқарбек баламызды айтты. Осы сайттағы пікірлерді де оқыған соң Дәнешпен кездестік. Дәнеш бірден бәрімізге ұнады. Сөзі, өзін ұстауы, тойды өткізуге қатысты айтқан ойлары, ұсыныстары бәрі көңілімізден шыққан соң, журналист әрі жүргізуші екенін білген соң той тізгінін Дәнешке сеніп тапсырдық. Дәнеш сенімімізді 100 пайыздан жоғары деңгейде ақтады. Керемет мағыналы сөздері, орынды қалжыңдары, суырып салып арнаған қалжың өлеңдері, әншілерінің жанды дауыста шырқаған әндері, ойындары мен музыкалары толықтай біздің де, қонақтарымыздың да көңілінен шығып, разы болдық. Дәнеш баламызға тек табыс, амандық, сәттілік тілейміз. Тойың көп болсын, елдің жақсылығын атқарып, абыройың асқақтай берсін.
Алтынай апайың.