Жақында ғана 9 тамызда Дәнеш ұлымыз Қайраттың үйлену тойын жоғары деңгейде жүргізіп берді. Той қонақтарының ішінде құрметті адамдар, танымал ақын-жазушы, ғалым ағаларымыз, Нұрсұлтан қаласынан үлкен мемлекеттік қызметте жүрген қайраткер кісілер келетіндіктен біз тойды мәдениетті, зиялы қауым талғамына сай, орынсыз қалжың, адам ұялтатын ойындарсыз өткізетін асабаны іздедік. Елге танымал біраз асабаны бізге ұсынушылар да болды. Бірақ, оларды өзге тойда көріп жүргендіктен, жаңа бейне, той жүргізу мәнері де өзгеше асаба тапсақ дедік. Ақырында интернеттен жақсы пікір көп жинаған Дәнеш Асқарбекті тауып, кездесіп, осы жігітке тоқтағанды жөн көрдік.
Тойдан кейін біздің Дәнешке алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Алғашқы тойымызды зиялы, мәдениетті, салмақты, жоғары элиталық үлг.іде басқарып берді. Үлкендерге деген тілегі, жастарға айтқан ойлы, кейде қалжың аралас сөздері бәрі-бәрі көңілімізден шықты. Қонақтарымыз "Сендердің тойларың тез өтіп кеткен сияқты болды, 5 сағат отырсақ та шаршамадық, асабаларың мықты екен, шаршатпады, керісінше көңіл көтеріп демалып қайттық" дегенде өзіміз де қатты қуандық. Дәнеш, сізге және сіздің өнерлі командаңызға біз тек жақсылық, сәттілік тілейміз. Тойларыңыз көп болсын, Жаратқан әр істеріңізге жар болсын, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Мың да бір рахмет.
тілек білдіруші, Мұрат пен Райхан Заманбековтер.