о ведущем Данеш Аскарбек
Баламыздың үйлену тойын жоғары деңгейде өткізіп берген Дәнеш Асқарбек інімізге ризашылығымызды білдіріп, пікір қадырғымыз келеді. Тойға дайындық барысында асаба таңдауға үлкен жауапкершілікпен қарап, бірнеше асабалармен жолықтық. Дәнешпен кездесуде бірден ұнаттық, іздеп жүрген асабамызды тапқандай болдық. Той өтіп жатқанда Дәнешті таңдағанымызда қателеспегенімізді түсіндік. Той өте жоғары деңгейде өтті. Әзілдері өрескел емес, жарасымды, мәдениетті. Тілек айтуға шыққан қонақтардың сөзін кекетіп-мұқатпай, керісінше демеп жіберіп жүрді. Кейбір асабалар сияқты қол шапалақ сұрап жалықтырмады. Қасындағы Қайрат есімді әнші жігіттің өнері де, биші қыздар да, келіннің бетін ашқан жігіт те көпшіліктің көңілінен шықты. Тойға келген қонақтар асабаның мәдениетті, тойдың керемет, әсерлі өткенін айтып жатыр. Дәнешке зор денсаулық, шығармашылық жетістіктер, табыс тілейміз! Мәдениетті асаба, жақсы әнші, биші іздесеңіз Дәнеш Асқарбекке хабарласыңыз, өкінбейсіз. Құрметпен, Жеңіс
Женңіс аға, Қарлығаш жеңгей, көп рақмет! Көп жақсылық болсын шаңырағыңызда!